Кәсіпкерлерге сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, несиелер бойынша ішінара кепілдік беру, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар, ШОБ объектілері мен индустриялық аймақтарға инфрақұрылым жүргізу сияқты қаржылай қолдау шаралары ұсынылады. 

2023 жылы 678,4 млрд теңгеге 9 079 жоба субсидияланды, 269 млрд теңге сомасына 6 952 жоба кепілдендірілді, 1,4 млрд теңгеге 364 грант берілді. Қажетті инфрақұрылымды жүргізу бойынша 23 жобаны іске асыру үшін 15 млрд теңге бөлінді

Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау шаралары: кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету; Жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету.

Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету қызметтері аудандық деңгейдегі кәсіпкерлерге қызмет көрсететін 189 орталықтардың базасында «офлайн» режимде және www.G4B.kz. веб-порталы арқылы «онлайн» режимінде ұсынылады. 2023 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша 37 523 кәсіпкерге 124 662 кеңес берілді.

Жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуді сервистік қолдау шеңберінде кәсіпкерлер келесідей қызмет түрлеріне жүгіне алады: заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер, маркетинг, қаржыландыру және мемлекеттік қолдау.

Биылғы жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша 18 154 ШОБ (шағын және орта бизнес) субъектісіне 21 292 сервистік қызмет көрсетілді.