Ғылымды қаржыландыру кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. 2022-жылы заңға енгізілген өзгерістер іс жүзінде іске асырылды. Іргелі зерттеулерді іске асыру үшін ғылыми институттарға қаржы бөлінді. Базалық қаржыландыруға жетекші болып, ғалымдардың еңбегіне ақы төлеу енгізілді. Айта кетерлігі, жүргізілген шаралар негізінде ғалымдардың жалақысы екі есеге өсіп, 250 мың теңгеге дейін жетті.

«Осы жылы 28 наурызда ҚР Жоғары білім және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Біз бұл құжатта білім сапасы бойынша негізгі міндеттерді айқындадық. Мұнда ғалымдар санын көбейту, ғылыми эко-жүйені нығайту, ғылымның экономикаға үлесін арттыру, университеттік білімді нығайту және ғылымды басқаруды жетілдіру және тағы басқа тетіктер қамтылған», – деді спикер.

Сондай-ақ саланы қолдау үшін Ұлттық ғылыми кеңестер шешімдерінің аппеляциялық институты бекітілді. Ал, Ұлттық ғылым академиясының рөлін нығайту және оған мемелекеттік мәртебе беру үшін ғылым туралы заңға бірқатар өзгеріс енгізілді.