Жобаны жүзеге асыру басталғаннан бері 74,5 мың га суармалы жерге су беру жақсарды, ирригациялық желілердегі су шығыны 193 млн текше метрге дейін азайды.
«Суармалы суды үнемдеу және тиімді пайдалану – қазіргі уақытта министрліктің назарындағы басым бағыттардың бірі. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өте өзекті. Сонымен қатар, ведомство Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында 3500 шақырым суару желілерін цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр», – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.