Оның айтуынша, әлемде 2022 жылдан бастап 150 елде 150 мыңнан астам қызылшаны жұқтыру жағдайы тіркелді, 2023 жылы әлемнің 167 елінде 415 мыңнан астам ауыру жағдайы тіркелген.
«Қызылшаның негізгі таралу себептері мен негізгі пайда болу себебіне тоқталып өтсек. Бұны әрқашан есте сақтап отыруымыз қажет. Өйткені адам қызылша вирусына жалғыз себепкер екенін есте ұстауымыз керек. Осы жұқпаға қарсы вакцина алуға болады. Бұл қызылшаны жаһандық деңгейде жоюға мүмкіндік береді. Жұқпалы емес ауруларға қарағанда, мысалы инфаркт, инсульт, диабетті алатын болсақ, оның жаһандық жойылуы қаралмайды. Яғни, қызылша – ең жұқпалы вирусты аурулардың бірі», – деді Манар Смағұл.
Қазақстанда 2023 жылы қызылшаның 29 648 жағдайы тіркелді. Оның 79%-ы – балалар арасында, жасөспірімдер – 4%, ересектер – 17% құрайды. Осы жылы 1 қаңтардан бастап қызылшаның 1900-ден астам жағдайы тіркелді.
Қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру үшін жоспарлы тәртіппен және қосымша жаппай иммундау аясында тиісті адамдарға егу жүргізіледі. Қызылшаға қарсы жоспарлы вакциналау республика бойынша 94%-дан асып отыр. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 11 айдағы ұсынған көрсеткішіне сәйкес келеді. Ошақтарда 30 жасқа дейінгі екпе алмаған қарым-қатынаста болған адам 26 мыңнан астам адам егілді, бұрын екпелерді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі 165 мыңнан астам бала вакцинациялаумен қамтылып отыр. Қосымша иммундау кампаниясының аясында 949 мыңнан астам адам екпе алады. Оның ішінде 6-11 айлық 109 мыңнан астам бала, 2-ден 4-ке дейін - 638 549 бала егілді.