«Жыл сайын Еуропалық иммундау аптасы кезінде насихаттау жұмыстары жоспар бойынша жүреді. Бірақ бұл мәселенің негізгі тұстарына тоқталып кетсек, не үшін адамдар бұл жұқпадан қорықпайды? Себебі, бұл дерт өте сирек кездеседі. Иммундау кампаниясының эволюциясына қарасақ, вакцина жоқ болғанда, жұқпалы аурулардан көп өлім тіркелген кезде, вакцина пайда болғанда, адамдар сеніммен қарады. Өйткені вакцинациямен қамту жоғары болды. Одан кейін вакцинамен басқарылатын аурулар сирек кездесетіндіктен, халық бұл аурударды ұмыта бастайды. Антиваксерлер қызылша, қызамық, паротиттің вакцинасын 2000 жылдары ғылыми тұрғыдан өтірік дерек дегендіктен, адамдар арасында сенушілік төмендеді. Қазіргі таңда оның жалған дерек екені дәлелденген. Сондықтан өлім-жітім мен ауру салдары көп тіркелгендіктен, біздің халқымыздың көзқарасы өзгереді деп ойлаймын», – деді спикер. 

Манар Смағұлдың хабарлауынша, 2015-2019 жылдары қызылша ауруы ересектер арасында көбірек тіркелді. Сондықтан ол кезде қосымша иммундау кампаниясы 15-29 жас аралығында ересектер арасында жүргізілді. Бірақ коронавирус инфекциясы тарала бастағанда, кәмелетке толмағандарға қызылшаға қарсы екпе салу көрсеткіші күрт төмендеді. Салдарынан қазіргі таңда сырқаттанып жатқандардың көбісі – балалар. Сол себепті қазір жауапты ведомство осы мәселеге көбірек назар аударып, қосымша иммундау кампаниясын балалар арасында жүргізіп жатыр. Жас аналар арасында қызылшаға қарсы вакцина алу керек деген насихаттау жүріп жатыр.