Гранттар жастар саясатын қолдау, отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу, азаматтық қоғамды дамыту, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағыттары бойынша іске асырылды.

2023 жылы гранттарды іске асыру қорытындылары бойынша:

- 120 мыңнан астам адам нақты көмек алды, оның ішінде 200-ден астамы – ерекше қажеттіліктері бар адамдар;

- 330 жұмыс орны құрылды, оның 50-і мүгедектер үшін ашылды. Еңбекақы төлеудің жалпы қоры 280 млн теңгеден асты;

- Әлеуметтік осал топтардан 2,7 мыңнан астам адам шаштараз, маникюр шебері, кондитер, тігінші, флорист, SMM және т.б. сияқты сұранысқа ие мамандықтардың дағдыларын тегін игерді;

- 3 мыңнан астам заң және психологиялық кеңестер, сондай-ақ жұмысқа орналастыру және тұрғын үй сатып алу мәселелері бойынша кеңестер берілді;

- ҮЕҰ мен волонтерлердің әлеуетін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қоршаған ортаны қорғау, отбасылық құндылықтар саласында халықтың әртүрлі топтары арасында 500-ден астам оқыту іс-шаралары өткізілді. 16 мыңнан астам волонтер оқытылды.

Орта мерзімді және ұзақ мерзімді гранттар ағымдағы жылы іске асырылуын жалғастырады.