Қызметті алу үшін eGov.kz порталына кіріп «Білім» бөлімін таңдауыңыз қажет. «Жоғары» немесе «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім» бөлімінде қажетті қызметті таңдаңыз. Әрі қарай, порталға кіріп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесіне өтіңіз. Осыдан кейін «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану», «Білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасы» қызметтерінің иесі туралы негізгі мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін тіркеп, қызметке ақы төлеп, ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі білім туралы құжатты электрондық нысанда тану туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.