Мектепке дейінгі білім беруде жұмыс «Балабақша – жайлылық және даму аумағы» бағыты бойынша жүзеге асырылады. Осы бағыт бойынша балалардың мектепке дейінгі білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету; мектепке дейінгі ұйым педагогінің мәртебесін арттыру және балабақшаларда балаларды тәрбиелеу тәсілдерін өзгерту міндеттерін шешу жоспарлануда. Оған қоса ата-аналардың балабақша қызметіне тартылуын күшейту мен балабақшалардың жұмысын бағалау жүйесін өзгерту мәселелері назардан тыс қалған жоқ.
Тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін кемінде мектепке дейінгі 1,5 мың орын ашылады, бейінді колледждерде балабақшалар үшін педагогтерді даярлау бойынша мемлекеттік тапсырыс пен облыс әкімдігінің гранттары ұлғайтылады.
Облыс орталығында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Көктем» және «Сарыарқа» шағын аудандарында 2 балабақша ашу жоспарлануда.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш мектептің жұмысын сәйкестендіру жөніндегі іс-шаралар кешені іске асырылады, бұл ретте әрбір баланың дамуының жеке траекториясын құруға ерекше назар аударылмақ.