Оның айтуынша, шетелде қазақстандықтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету бағыты бойынша 8 жаңа үкіметаралық келісім әзірленді.

«Қазақстанды Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесіне енгізу бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Осы айдан бастап сапарға дейінгі орталық құру жұмыстары басталды. Орталықтың негізгі міндеті – Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасқысы келетін үміткерлерді тілдік курстарда оқыту, корей тілін білуге тестілеу, біліктілігін арттыру», – деді спикер. 

Аталған жобаны іске асыру біздің азаматтарға Оңтүстік Корея аумағында олардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау кепілдігімен 3 жылға дейін заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.