Жаңа қондырғының іске қосылуы отын газы мен сұйық отын бойынша жану шығарындыларын 44%-ға төмендетеді, яғни, көмірқышқыл газы шығарындыларының азаюы нәтижесінде қоршаған ортаға әсер азаяды.
Павлодар мұнай-химия зауыты – Қазақстанның мұнай өңдеу саласындағы жетекші кәсіпорындарының бірі. Зауыт мұнай өнімдерінен – әртүрлі маркалы бензинді, дизель және реактивті отынды, сұйытылған көмірсутекті газды, техникалық күкіртті, битумды, мұнай коксын, пеш отынын, техникалық көміртекті өндіруге арналған шикізаттарды шығарады.