Оның айтуынша, жер қатынастары, сәулет, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау, мүлікке құқықтарды тіркеу салаларына басымдық берілген.

«Бюрократия көріністеріне қарсы күрес жұмыстары кәсіпкерлерге 1 млрд теңгеден астам субсидияны өтеуге, 100-ден астам қызмет алушыға мемлекеттік актілерді жылжымайтын мүлікке өтеусіз негізде ауыстыруды қамтамасыз етуге, негізсіз бас тартуға тап болған 67 азаматқа жер учаскелерін беру мүмкін болды. 498 тексеру жүргізілді, 76 мыңнан астам бұзушылық анықталды, 1200-ден астам лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Өткен жылы төрт салада ауқымды талдау жүргізілді. Бұл – сауда және интеграция, қаржы, ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар секторлары. Нәтижесінде, мысалы, біз әкімдіктер мен әкімдерден төмен тұрған деңгейгі органдарға 70-тен астам функцияны беру қажеттілігін көріп отырмыз», - деп атап өтті спикер.