Мемлекеттік бақылаумен әкімдіктер – 16, жергілікті атқарушы органдар басқармалары – 2, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері – 2, мектептер – 167, дүкендер – 4, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 2, мәдениет үйі – 1, банк филиалы – 1, нотариус – 1, мұрағат – 1, балабақша – 1, колледж – 1, кафелер, мейрамханалар – 2, ЖК – 3 қамтылды.

Мәселен, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті қоғамдық бірлестік өкілдерінің өтініші негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің болмау фактісі бойынша сауда объектісіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша ірі кәсіпкерлік субъектісі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.

Сонымен қатар, өңірлердегі әлеуметтік инспекторлар мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің бейімделу іс-шараларын жүргізуде оң динамиканы атап өтті.

Сонымен қатар, ҚР Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылы 1 783 тексеру жүргізіп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1 171 ұйғарым берді, 98,4 млн теңгеден астам сомаға 467 айыппұл салды.