Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы техникалық бағдарламада чемпион атанды. Ұлттық құраманың қос спортшысы финалда 228,0050 ұпай жинады. 

Күміс медаль Қытай құрамасына (Вэньтао Чэн мен Хаоюй Ши), қола жүлде Мексика командасына (Миранда Хименес пен Диего Каррильо) бұйырды.