Оның хабарлауынша, есептелген сомалар бойынша статистикалық есеп enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған. Статистикалық деректерге сүйенсек, нысаналы талаптарға қатысушы балалардың ең көп саны 922 841 бала Түркістан облысында тұратынын көруге болады. Оларға 92 763 977 доллары есептелді. Оның ішінде биыл 18 жасқа толатын 41 968 нысаналы жинақ алушылардың жинақтау шоттарына 4 218 623 АҚШ доллары түсті.
Балалар саны бойынша екінші орында Алматы қаласы. Мұндағы 666 443 балаға 66 990 850 АҚШ доллары есептелген, оның ішінде биыл 18 жасқа толатын 26 621 балаға жинақтау шоттарына 2 675 942 АҚШ доллары түсті.
Үшінші орында - Алматы облысы. 608 711 балаға 61 187 000 АҚШ доллары есептелген. Оның ішінде биыл 18 жасқа толатын 26 802 нысаналы жинақ алушылардың нысаналы жинақтау шоттарына 2 694 000 АҚШ доллары есептелді.
«Ұлттық қордың инвестициялық табысы жыл мәтінінде 1 млрд 390 мың доллар болып белгіленген. Ұлттық қордың 18 жылдағы орташа жылдық кірістілігі 2,6% АҚШ долларымен болды. Осы инвестициялық кірістің 50% –ы - 695,5 миллион АҚШ доллары 2024 жылы бөлінді. «Ұлттық қор – балаларға» жобасының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты қолдау және оларға ұлттық жинақ есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім алуға мүмкіндік беру», – деді спикер.
Бағдарлама аясында балаларға бағдарламаға қатысқан әрбір жылы үшін жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың басында Ұлттық қордан инвестициялық кірісті қоса алғанда, нысаналы талаптар түріндегі қаражат олар 18 жасқа толғанға дейін есептелетін болады.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының қатысушылары ретінде қоса алғанда 01.01.2006 ж. бастап 31.12.2023 ж. туған Қазақстан Республикасының азаматтары болып есептелетін балалары тіркелді. Келесі жылдары туған балалар да автоматты түрде бағдарламаның қатысушысы болады.
Баланың бағдарламаға қатысу дерегі және оған есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе басқа заңды өкілдері арнайы құрылған kids.enpf.kz сайтынан баланың ЖСН бойынша тексере алады. Айта кету керек, бағдарлама жұмысының бірінші күні , яғни 2024 жылдың 1 ақпанында бұл бөлімге 2 миллион 700-ден астам адам кірді. ЖСН бойынша шамамен 5,5 млн сұраныс өңделді. Әрбір балаға жасалған есептеулер туралы мәліметті ата-аналар egov.kz порталында тексере алады. Нысаналы жинақтарды кәмелетке толған азамат enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетінде, БЖЗҚ ұялы қосымшасында немесе egov.kz порталында өз бетінше тексере алады.