Қазақстанға әуелі Ресейден, Беларусьтен, Украинадан шаруалар қоныс аударды. Ал XIX ғасырда Қытайдан ұйғырлар мен дүнгендер қоныс аудара бастады. ХХ ғасырда социалистік революциялар, ұжымдастыру, халықтарды жаппай депортациялау мен қуғын-сүргін және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында халық көші арта түсті.
Көрмеге «Ватандаш» қырым татарларының мәдени орталығы, Қазақстандағы ұйғырлар республикалық этно-мәдени орталығы, Қазақстандағы күрдтердің «Барбанг» қауымдастығы, «Ренессанс» Алматы мәдени-этникалық қоғамы, «Вензь» поляк мәдениетінің орталығы, Алматы облысының «Вайнах» шешен-ингуш бірлестігі және «Вошал» ингуш этно-мәдени орталығының өкілдері қатысты.
Шараға жиналған өзге ұлт өкілдері қиын-қыстау кезеңде ата-бабаларына пана болып, есігін айқара ашқан, бір үзім нанды бөліп жеген және бүгінгі күні әр халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын дәріптеуіне мүмкіндік беріп отырған қазақ еліне шексіз алғысын білдірді.