Халықты ақпараттандыру мақсатында әртүрлі мобильді қосымшаның платформалары пайдаланылады. Мысалы, 2ГИС қосымшасында зардап шеккен халық жиналатын эвакуациялық бекеттер, шомылуға рұқсат етілген және тыйым салынған орындар көрсетілген. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов ОКҚ алаңында атап өткендей, халық пен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінде инновациялық технологияларды пайдалану қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Осыған байланысты ТЖМ оларды енгізу бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізуде. Тақырыбы мен ауқымы жағынан түрлі жаттығу кезінде практикалық дағдылар  пысықталады. 2023 - жылы елімізде әртүрлі санаттағы 15 мыңнан астам адам оқытылып, 104 мыңнан астам оқу - жаттығулар өткізілді, 5 млн-нан астам көрнекі оқу материалдары шығарылды, 4 мыңға жуық бейнеролик әзірленді, қауіпсіздік тақырыбында 2 мыңнан астам билборд орналастырылды», – деп хабарлады ведомство өкілі.