«Волонтерлар жалпы ұйымдасқан топтары құтқару қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарынын жасап жатыр. Жалпы республика бойынша барлық 20  аймақта жедел жері телефондары іске қосылған. Гуманитарлық көмек жинау орталықтары ашылып, бұл көмек зардап шеккен аймақтарға жіберіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін республика бойынша 550 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. Бұл көмектің 370 тоннасы қажетті елді мекендерге жеткізілген болатын. Жалпы республика бойынша 25 мыңнан астам волонтерлар түрлі қызмет көрсетіп жатыр. Біздің апат аймағындағы облыстардың тікелей сол жердегі зардап шеккен тұрғындарға және құтқарушыларға көмек көрсетумен айналысты. Оңтүстік өңірдегі волонтерларымыз гуманитарлық көмекті жинап, оны сұрыптаумен айналысып жатыр және соны уаақтылы қажет ауылдарға қажетті облыстарға жөнелту жұмыстарын ұйымдастырып жатыр»,-деді спикер.