«2017 - жылы ең үлкен деңгей тіркелген кезде судың толып кетуі 338 см болды, бұл 3 аудан мен Петропавл қаласында су басу қаупін тудырады. Су басу аймағына 845 тұрғын үй және 5 мың саяжай кіреді. 12 - сәуірден бастап облыс орталығына дейін үлкен судың келуі күтіледі, шыңы 23- сәуірге келеді», - деп баяндады спикер.


Сонымен қатар су тасқыны жағдайы тұрақты мониторинг режимінде. 20 -наурыздан бастап өңірде Жедел штаб ашылды. Қармен жабу 38% - дан 50% - ға дейін жетіп отыр. 262 елді мекенде су басу қаупі сақталуда. 40 үйдің 13-і су астында қалды. 244 адам эвакуацияланды, 44 адам үйге қайтарылды. Су басқан 111 үй маңындағы аумақ бар. Күштер мен құралдардың қосымша топтары құрылды. Қолда бар ауыр техника аудандарға берілді. Бекітілген техника ұйымдарға қосымша жұмылдырылады. Жолдарда 59 су толып кету жағдайы тіркелген, дәл қазір 36 жағдай бар. Жол төсемінің 6 учаскесі ашылды. Су айдау жұмыстары жүргізілуде. 165 шақырым арық тазартылды, кеңейтілді және тереңдетілді. 101,6 шақырым канал, 60 мың дана қап дайындалды, оның 38 мың данасы төселді.
1008 адам және 213 бірлік техника, 94 мотопомпалар және 6 жүзу құралдары жұмылдырылды. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істейді.