Қостанай облысында аумақтық қорғаныс бригадасының 70 әскери қызметшісі Қостанай қаласының Затобольск ауданында 8 мың қап құм дайындап, 800 метр «Тобыл» өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарын жүргізді. Аумақтық қорғаныс бригадасының іс-қимылын үйлестіру үшін Қостанай облысына Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жұмыс орнына ұшып барды. Тобыл өзенінің бойындағы жағалауды нығайту жұмыстарын тексерді. Қазіргі уақытта жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.

«Солтүстік Қазақстан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының 30 әскери қызметшісі Петропавл қаласының шетіндегі саяжай алабы ауданында 1000 қап құм дайындап, Есіл өзенінің бөгетін күшейту жұмыстарын жүргізді. 8 - сәуірде облыс әкімінің өтініші мен Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша Қарулы Күштерден Астана қаласынан қосымша 300 әскери қызметші бөлінді. Ақтөбе облысында Ойыл ауылында құрамында 15 адамы бар инженерлік бөлімшелер Ойыл өзені арқылы өтетін паром өткелінің көмегімен 238 тұрғынды эвакуациялап, 1,5 тоннаға жуық заттар мен азық-түлік тасымалдауды қамтамасыз етті»,-деді спикер.


Одан бөлек 50 әскери қызметші су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізу үшін Садовая ауылына барды. Атырау облысында жару тобы Жем өзенінің арнасын бұзып, кеңейту жұмыстарын жүргізді. Екі рет мұз жару жұмысы ұйымдастырылды. Құлсары қаласында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 397 әскери қызметшісі ауысыммен 30 мың қап құм дайындады, Қарабау ауылындағы 50 әскери қызметші жағалаудың шетін нығайту үшін 3 мың қап дайындады.


«БҚО-да 26 адамнан тұратын аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерімен Орал қаласының Шаған ауданында 2 400 қап құм дайындап, Жайық өзенінің арнасын нығайту жұмыстары жүргізілді.ҚР Қорғаныс министрінің нұсқауына сәйкес Ақмола облысының Есіл және Жарқайың аудандарының тұрғындарына көмек көрсету үшін электротехникалық құралдар мен жеке құрам бөлінді: 11 бірлік дизельдік агрегат және 13 әскери қызметші, 5 бірлік электр станциясы және оған қызмет көрсету үшін 20 адам»,-деді ведомствоның ресми өкілі. 


Маңғыстау облысы әкімінің қаулысына сәйкес, 7-8-сәуірде Ақтау қаласы Бейнеу ауылында аумақтық қорғаныс бригадасымен жоспарланған тактикалық-арнайы оқу-жаттығу шеңберінде Атырау облысының Жылыой ауданындағы су тасқыны жағдайын жоюға тарту мақсатында 155 адамнан тұратын әскери міндеттіні шақыру жүргізілді. 27- наурыз бен 7-сәуір аралығында барлығы ҚР ҚК 2 357 жеке құрам, 112 бірлік әскери техника, 10 бірлік тікұшақ , 4 бірлік ұшақ жұмылдырылды, ҚР ҚК жеке құрамы 2 300-ден астам адамды эвакуациялады, оның ішінде 732 бала бар. Тікұшақтар 320, ал ұшақтар 9 рейс жасады. 83 596 келі гуманитарлық жүк тасымалданды.