Өңірде барлығы 1061 тұрғын үйді су басты. 10 138 адам эвакуацияланды, оның ішінде 4077-сі -бала. Уақытша орналастыру пунктерінде – 1636 адам, оның ішінде 689 бала бар. 2536 адам үйге оралды.


«Тартылған күштер мен құралдардың саны -1364 адам, 247 бірлік техника, 10 жүзу, 22 су сору құралдары қолданылып отыр. Ақтөбе облысында жедел штаб жұмыс істеп тұр.  Психологиялық көмектің жедел желісі ашылды, 230 қоңырау түсті, оның ішінде ақпараттық сипаттағы 206, психологиялық көмек бойынша 24 қоңырау түсті. Ойыл кентінің тұрғындары мен техникасын өткізу үшін понтондық өткелін ұйымдастыруға Ақтөбе облысына Алматы облысынан инженерлік әскерлер келді. 6-сәуірден бастап понтондық өткел арқылы 427 адам және 400 келі азық-түлік жөнелтілді», - деді спикер.


Ағымдағы жылдың 8 - сәуірінде Ақтөбе қ. Қарғалы су қоймасында еріген су ағынының ұлғаюына және Қарғалы өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты «Ақжар», «Жилянка», «Солнечный», «Садовое», «Эко» бау-бақша ұжымдарын су басу қаупі туындады. Халықты хабардар ету және оны эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 76 адам эвакуацияланды, Олар уақытша орналастыру пунктінде орналастырылған. 7 жол үстін су басты, 8 жолдың үстін су шайды. Республикалық маңызы бар жолдар қалпына келтірілді.