«Жүректен-жүрекке» арнайы жобасының аясында барлық өңірдегі Достық үйлерінде еріктілер орталықтары және гуманитарлық көмек қабылдау пунктері жұмыс атқарып жатыр. Республика бойынша 50-ге жуық осындай пункт жұмыс істесе, Астана қаласының өзінде 9 көмек қабылдау пунктері бар. Мұнда 10 мыңға жуық ҚХА еріктілері жұмылдырылды. Олардың басым бөлігі «Ассамблея жастары» ұйымының және басқада ұйым өкілдерінен құралған. Олар гуманитарлық көмекті жинау, сұрыптау, су басқан елді мекендердегі азаматтарға жеткізу, суға тосқауыл қою бойынша дамбалар жасауда. Парламент Сенатының депутаты, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі ҚХА республикалық штабының өкілі Әлішер Сатвалдиев ОКҚ брифингінде осылай деді.
Өңірлік этномәдени бірлестіктер тарапынан 227 тоннадан астам азық-түлік және алғашқы уақытта қажет болатын заттар қарғын су басқан өңірлерге жолданды. Жеткізілген гуманитарлық көмектің жалпы сомасы 276,5 млн теңгені құрады. Оған қоса су басқан өңірлерде пайдалану үшін 24 бірлік арнайы техникалар, олардың қатарында экскаваторлар, камаздар., самосвалдар бар.
«Гуманитарлық көмекті жеткізу үшін 43-тен астам жүк көліктері жұмылдырылды. Зардап шеккен өңірлерге жеткізілген соңғы гуманитарлық көмегінің легі туралы айтатын болсақ, Шымкент қаласынан Атырау облысына, Жамбыл облысынан Атырау және Қостанай облысына жүк көліктері жөнелтілді. Жамбыл, Түркістан, Шымкент қалаларынан Атырау, БҚО және Ақтөбе облыстарына жиналған көмекті жинау үшін даярлық жүріп жатыр», – деді спикер.