Қостанай облысында 2 қала мен 4 ауданда ТЖ режимі жарияланды, мұнда залалды өтеу жөніндегі комиссиялар жұмыс істеп жатыр. Төлем туралы шешім залалды бағалау, жылжымалы/жылжымайтын мүлік пен техниканы техникалық тексеруден кейін қабылданады.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спановтың айтуынша, 609 үй тексерілді, олардың 269-ы қалпына келтіруге жатпайды. Оның орнына тұрғын үй беріледі.

976 бас малдың өлімі расталды, 214-і бойынша тұрғындарға залал өтелді.

«Электр желілерінің 1414 тірегі зақымдалды. Барлық ірі елді мекенде, 16 ауылда электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Смета дайын, қажетті материалдар, жабдықтар әзірленді. Су кеткен кезде үйлерді қалпына келтіруге кірісеміз», – деді спикер.

828 өтініш бойынша 187 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілді.