Алматы қаласы ҚХА гуманитарлық көмек жинау штабының басшысы, Қазақстан ұйғыр жастар одағының төрағасы Рустам Қайрыев әріптестерімен бірге Атырау облысына келді. Олар 25 тонна гуманитарлық жүк әкелді: құрылыс сөмкелері, күректер, резеңке қолғаптар мен етіктер, тез бұзылмайтын азық-түлік, жаңа төсек-орын, матрацтар, жастықтар. Эвакуациялық пунктерде орналасқандар үшін қажет нәрсенің бәрі бар.

«Жүректен жүрекке» акциясы аясында құны 30 млн теңге болатын жүк әкелінді. Этномәдени бірлестіктер, Алматының бей-жай қарамайтын азаматтары, мәслихат депутаттары, түрлі қоғамдық жастар ұйымдары жылу жинады», – деді ерікті.

Жүк орталықтан зардап шеккен аудандарға таратылады. 

«Халық күштерін біріктіріп, су тасқынына дайын отыр. Біз моральдық тұрғыдан дайындалдық, бәрі ойдағыдай болады деп үміттенеміз», – деп түйіндеді Р.Қайрыев.