Ақтөбе өңіріндегі өзендердегі су деңгейі төмен түсіп келеді. Қазір өңір бойынша 7 жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланған. Ырғыз ауданы ерекше бақылауда. Мұнда Қостанай облысынан келетін Ырғыз өзенінің су деңгейі өсті. Нұра және Мамыр елді мекендерінде су басу қаупі сақталуда. Бұл туралы Ақтөбе облысы ТЖД ТЖ алдын алу бөлімінің бас маманы Әлішер Сарбаев ОКҚ алаңында хабарлады. 

Қазір ТЖМ қызметкерлері бөгеттерді нығайтуға қаптарды төсеу, инертті материалдар жеткізу, елді мекендерге жанар-жағармай, гуманитарлық көмек жеткізу жұмыстары мен халықты эвакуациялаумен айналысып жатыр.  

«Жалпы облыс бойынша төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр. ТЖ комиссиялары құрылып, өз жұмысын бастады»,- деді спикер.