Штабтың негізгі міндеттері – эвакуациялық пунктерге бару және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтардың құқықтарын түсіндіру, мемлекеттік органдар мен халық арасында кері байланысты қамтамасыз ету, гуманитарлық көмекті, еріктілер топтарын бөлуді үйлестіру, тасқын салдарына қарсы шараларға қатысатын белсенділерді анықтау, сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін мемлекет жүргізіп жатқан шараларды түсіндіру.
СҚО бойынша қоғамдық штаб мүшесі Айгүл Мұратова атап өткендей, келіп түскен барлық мәселені шешу үшін тиісті құзыретті органдар жіберіледі.
«Халықтың негізгі мәселелері: біржолғы әлеуметтік көмек алу, мүлікке келтірілген залал үшін өтемақы аул. 72 кездесу өткізіліп, 3000-ға жуық адам кеңес алды. Қоғамдық штабтар осы бағыттағы жұмысын жалғастыруда», – деді спикер.