БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен азаматтармен коммуникациялық байланыс орнату штабы ашылды. Оның жұмысы жайлы Орал қалалық мәслихатының төрағасы, Батыс Қазақстан облысы бойынша қоғамдық штаб басшысы Есентай Қалиев ОКҚ алаңында айтып берді.
Бұл қоғамдық штабтың құрамына жауапты орган өкілдері, заңгерлер, блогерлер, ардагерлер кірді, жастар кірді. Олар зардап шеккен адамдардың жай-күйін, тамақтануын, балалардың оқуын қадағалап отыр. Оралда 1800-дей адам эвакопунктерге орналасты. 72 адамның созылмалы аурулары бар. Қоғамдық штаб олардың емделуін жіті бақылауға алды.
«Қоғамдық штабтың жұымыс жалғасын табады. Ең бастысы, көпбалалы аналар, жүкті аналар, науқас адамдарға тиісті көмек көрсетіледі. Шығындар өтеледі. Тиісті комиссиялар жұмыс істеп жатыр», – деді спикер.