Жылыой ауданы мен Құлсары қаласында қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күшімен еріген қар суын сору жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде, оның жалпы көлемі 770 текше метрді құрады. Су кеткен аумақтарды дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда.Атырау облысындағы ахуал туралы ОКҚ брифингінде аймақ басшысының баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев айтып берді.
«20 сәуірдегі жағдай бойынша 21 нысан дезинфекцияланды. 60 үй, №18 орта мектеп, екі кәсіпкерлік нысаны электр қуатына қосылды. Қазіргі уақытта 3 бригада және 5 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Атырау шағын ауданындағы 10 көпқабатты үй, Автожолшылар шағын ауданындағы 150 үй, Әжіғалиев көшесіндегі 11 үй газға қосылды», - деді спикер.
Біржолғы материалдық көмек төлеуге 3398 өтініш қабылданды. Төлемдерді 2796 отбасы алды. Залалды бағалау және төлеу жөніндегі комиссия жұмысын жалғастыруда
Жалпы Атырау облысында жағалауды нығайту жұмыстарына шамамен 18 000 адам және 1745 бірлік техника жұмылдырылды.