Оның айтуынша, су тасқыны басталғаннан бері эвакуациялық пунктерде 106 медициналық пункт орналастырылған, олардың 59-ы Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Маңғыстау, Атырау облысының эвакуацияланған тұрғындары үшін жұмыс істейді.
Су тасқыны басталғаннан бері медициналық және медициналық-психологиялық көмек көрсету үшін 2100 медицина қызметкері, оның ішінде 299 дәрігер, 90 психолог тартылды. Эвакопунктерде медициналық және медициналық-психологиялық көмек көрсетуге 742 медицина қызметкері, оның ішінде 143 дәрігер, сондай-ақ 69 психолог тартылды.
Су тасқыны басталғаннан бері созылмалы аурулары бар 1360-қа жуық адам су басу аймақтарынан эвакуацияланды. Олардың әрқайсысы медицина қызметкерлерінің бақылауында, дәрі-дәрмектермен қажетті көлемде қамтамасыз етіледі. Су тасқыны салдарынан зардап шеккен 2 мыңнан астам адамға психологиялық көмек көрсетілді.
Табиғи апаттың барлық кезеңінде су басқан елді мекендерден 422 жүкті әйел эвакуацияланды, 405-і босанды, барлық сәби мен аналарға патронаждық қызметтері қамқорлық көрсетеді.
«Жұқпалы аурулардың өршуінің алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Санэпидқызметтер сумен жабдықтау көздеріне күнделікті күшейтілген мониторинг пен бақылауды жүргізеді. Су тасқыны басталғаннан бері санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге 10 мыңнан астам ауыз су сынамасын іріктеу және зерттеу жүргізілді. Жалпы, сәйкес келмейтін сынамалар бойынша көрсеткіш орташа республикалық жылдық көрсеткіш шегінде», - деді спикер.
Бұдан бөлек, барлық эвакуациялық пункте зардап шеккендерді сумен қамтамасыз ету, тамақтандыру, тұру және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларын бақылау қамтамасыз етіледі, СЭС қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігі қамтамасыз етіледі. Су тасқыны басталғаннан бері эвакопунктерде 3 мыңнан астам су мен тамақ өнімдерінің сынамалары алынды. Эвакуацияланғандар арасында ішек және басқа инфекциялар аурулары тіркелген жоқ.