Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг, су басқан үйлерден су сору жұмыстары тәулік бойы жалғастырылуда.

«Атырау қаласында және Құрманғазы ауданында ұзындығы 345 км бөген салу жұмыстары жүргізілді»,- деді ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар Қызылжар ауданының Прибрежное ауылының тұрғындарына азық-түлік жеткізуде. Қостанай облысы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары Петропавл қаласының Подгора шағын ауданында су тасқынына қарсы жұмыстарға кірісті. 

Республика бойынша 9 660 тұрғын үй мен 3 213 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 16,4 млн еріген қар суы сорылды. 50 670 адам өз үйлеріне оралды. 5 436 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда.