Жазғы маусымға дайындықтың маңызды аспектісі — бұл туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Таулы аймақтарда ұйымдасқан туризм мәдениетін қалыптастыруға және туристердің үлкен ағындарын басқаруға арналған аталған визит орталықтарының рөлі маңызды. Азаматтық қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасы шеңберінде туристерді турдың басталуына 3 күн қалғанда жергілікті ТЖД-ға маршруттар туралы хабарлауға міндеттеу жоспарлануда. Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралуда. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ алаңында хабарлады.
Су айдындарында туристер мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әкімдіктер жыл сайын ТЖ және өңірлердің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері қызметкерлерінің қатысуымен көшпелі жұмыс кеңестерін өткізеді.
«Сондай-ақ жазғы кезеңде объектілерде бөлу ережелері жаңартылады, қауіпсіздікке жауапты персоналға нұсқамалар өткізіледі, ақпараттық қалқандар мен белгілер орнатылады, жергілікті қызметтермен және құтқару топтарымен оқу-жаттығулар өткізіледі. Әкімдіктер туристік бизнес субъектілеріне мониторинг жүргізеді, орналастыру объектілерін туристерді қабылдауға дайындау бағаланады. Туристік маусымға дайындықтың үшінші аспектісі жұмсақ инфрақұрылымның болуымен көрінеді, әсіресе ең өзекті мәселе – бұл санитарлық-гигиеналық тораптар»,-деді спикер.
2019 - жылғы зерттеу нәтижесінде туристік дестинацияларда СГТ орнату қажеттілігі 493 бірлікті құрады. 4 жыл бойы қажеттіліктің жалпы санының 54% - ы жабылды. Қолданыстағы қолдау шарасы шеңберінде туристік аймақтарда 87 бірлік санитарлық торапты ұстау субсидияланады. Мемлекет жол бойындағы сервис объектілерін салу кезінде кәсіпкерлердің шығындарының 10%-н өтейді. Мысалы, автожолдар бойындағы кафелер мен станциялар шығындары өтелмек.
Туристік маусымға дайындықтың тағы бір аспектісі - маркетингтік іс-шаралар. Өңірлерде бірегей табиғи және мәдени көрікті жерлерге назар аудара отырып, туристерді тарту үшін арнайы бағдарламалар әзірленді. Мысалы, биыл Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, Шымкентте гастрономиялық фестиваль, Алматы облысында шарлар фестивалі, өңірлерде альпиниада мен баспасөз турларын өткізу жоспарлануда. Еліміздің туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында Қазақстан Берлин, Дубай және Шанхайдағы ірі туристік жәрмеңкелерде таныстырылды. Сонымен қатар Қазақстанды ірі халықаралық платформалар жиі атап өтуде. Сондай-ақ Алматы қаласы The New York Times нұсқасы бойынша үздік 52 туристік бағыттың қатарына енді.
«Conde Nast Traveller және Wanderlust, Қазақстанды 2024 - жылы саяхаттауға арналған Әлемдік дестинациялардың қатарына қосты. Оған қоса, Conde Nast Traveller Italia «Шымбұлақ» тау курортын ТОП-5 тау шаңғысы дестинациясына енгізді. Осы жылдың қаңтар айында, ел India Today нұсқасы бойынша «Үнді саяхатшылары үшін жетекші бағыт» атағын алды. Қазақстан Skyscanner деректері бойынша Үндістан нарығы үшін №1 дестинация болып табылады, сондай-ақ биыл ораза кезінде БАӘ туристері үшін ТОП бағыттарды басқарды. Сәйкесінше, Forwardkeys деректері бойынша Қазақстан Қытайдан келетін туристер ағынын қалпына келтірудің ең жоғары көрсеткішіне ие: өсімнің 212% - ы, бұл Қазақстанды ҚХР азаматтары үшін ең танымал 50 туристік бағыттың қатарына қосады»,-деді ведомство өкілі.
2024 жыл Қытайдағы қазақстандық туризм жылы болып жарияланды. 28-29 - наурыз аралығында Бейжіңде Туризм жылының ашылуы өтті, оның аясында екі елдің туристік бизнесінің 300-ден астам өкілдерінің қатысуымен форум өтті. Жыл ішінде Қазақстан туризмінің түрлері бойынша тақырыптық апталарды өткізуді, Қытайдың 7 ірі қаласында ТОП-20 отандық дестинациялардың тұсаукесерін, сондай-ақ Қазақстанның Қытайдағы туристік әлеуетін ілгерілету жөніндегі басқа да бірқатар ірі жобаны қамтитын 30-дан астам іс-шара өткізу жоспарланған. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша ҚХР-дан келушілер ағынының 500 мың адамға дейін ұлғаюы күтілуде.