Қазіргі уақытта 220 МҚҰ-ның, 215 кредиттік серіктестік және 516 ломбардтың микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар.
«Микрокредит беру субъектілерін Агенттіктің реттеу аясына енгізгеннен кейін олардың қаржылық орнықтылығын арттыру үшін капиталдың ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ пруденциялық стандарттар (капиталдың жеткіліктілігі, бір қарыз алушыға қатысты тәуекелдің левередж коэффициенттері және т.б.) енгізілді. Тұтынушылық микрокредиттеудегі тәуекелдерді шектеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту үшін 2020 - жылы МҚҰ-ның қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеуді жүргізу міндеті енгізілді», – деді спикер.
2021 жылдан бастап менеджмент пен меншік иелерінің іскерлік беделіне қойылатын біліктілік талаптары белгіленді, сондай-ақ есепті автоматтандыру және қаржылық есептілікті қалыптастыру жөніндегі талаптар белгіленді, кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында комплаенс бақылау рәсімдеріне қойылатын талаптар айқындалды.
Онлайн-микрокредиттеудің өсуіне байланысты алаяқтық тәуекелдерін жою үшін 2021 жылы клиентті міндетті биометриялық не екі факторлы идентификаттау рәсімі енгізілді. МҚҰ несие портфелінің сапасын қолдау және қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды арттыру үшін 2022 - жылы МҚҰ несие портфелінің 20%-ы деңгейінде NPL 90+ үлесіне лимит енгізілді.
«2023 жылы клиенттің биометриясын міндетті түрде жүргізе отырып, клиенттерді идентификаттау және аутентификаттау тәсілдері қатаңдатылды. Ұйымдардың автоматтандырылған ақпараттық жүйелеріне қойылатын талаптар күшейтілді, сондай-ақ микрокредитті алаяқтық жолмен ресімдеу фактісі анықталған жағдайда кредитордың іс-әрекеттері регламенттелді. Бұдан басқа, МҚҰ орнықтылығын арттыру және жосықсыз қатысушыларға жол бермеу үшін МҚҰ меншікті капиталының ең төменгі мөлшері 100 млн теңгеден 200 млн теңгеге дейін ұлғайтылды», – деді ведомство өкілі.
Тұтынушылық микрокредиттеудегі тәуекелдерді қысқарту және қарыз алушылардың борыш жүктемесінің өсуіне жол бермеу үшін қарыз алушының кірістерін айқындау өлшемшарттарын қысқарту жолымен борыш жүктемесі коэффициентін есептеу қатаңдатылды.