Қаладағы 19-ықшам ауданында 600 орындық екі мектеп салынуда. Сондай-ақ, қала шетіндегі Тимофеев көшесінің бойында 300 орындық мектептің құрылыс жұмысы қарқынды түрде жалғасып жатыр. Қала әкімдігінің ақпараты бойынша, аталмыш ауданда білім беру нысандары жоқ және жаңа мектеп жергілікті тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасайды.
- Жайлы мектептер атына заты сай, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, оқушылар үшін бар жағдай жасалуға тиіс. Барлық нысандардың тиісті мерзімде тапсырылуын бақылау қажет, - деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.
Ұлттық жоба құрылысының операторы – “Samruk-Kazyna Construction” компаниясы. Жаңа мектептерде білім беру жұмысын ұйымдастыру бойынша арнайы іс-шаралар басталып кетті.