Делегация 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы инвестиция көлемі 4,7 млрд теңгені құрайтын екі ірі жобаны жүзеге асырған «Eurasia Invest LTD» ЖШС өндірістік қызметімен танысты.

1100 гектар алқаптағы суармалы жерлерді іске қосу жобасы аясында 12 алқаптық жаңбырлатқыш, картоп отырғызғыш, картоп жинайтын комбайн және басқа да ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Жылына 20 тонна ұнтақ бие сүтін шығаратын зауыт іске қосылды.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тираждау бағдарламасы аясында облыста 8 тауарлы-сүт фермасы салынады. Құны 4,8 млрд теңгені құрайтын оның бірін «МФ Рамадан» ЖШС салуда.

Жоба бойынша голштин-фриз тұқымды 1100 бас сүтті мал ұсталады, тәулігіне орташа есеппен 27 тонна сүт өндіріледі. Толық қуаттылыққа шыққан кезде жыл сайын 9000 тоннадан астам сүт тапсыру жоспарланып отыр. Жобаны толық іске асыру 2026 жылдың ақпанына жоспарланған.

2024-2026 жылдарға арналған АӨК инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша Жол картасы аясында Қарағанды облысында 167,4 млрд.теңге қаржыға 74 жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде мал шаруашылығы бойынша 22 жоба, өсімдік шаруашылығы бойынша 24 жоба, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 18 жоба, құс етін өндіру бойынша 5 жоба, азық-түлік өнімдері бойынша 5 жоба. 32,9 млрд. теңгенің 31 жобасы 2024 жылы іске қосылады.

«Шахтерское» ЖШС-де министр картоп алқаптарын аралап көрді. Шаруашылық жыл сайын кемінде 20 мың тонна картоп жинайды. ЖШС-де жалпы сыйымдылығы 25 700 тонна картоп қоймасы, 85 700 тонналық астық қоймасы бар.

Қазір мұнда құны 1,4 млрд теңгеге тұқым тазалау желісін салу жобасы жүзеге асырылуда.

Жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесуде ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, егін жинау, мал шаруашылығы саласын дамытуды қаржыландыру тетіктеріне қатысты мәселелер талқыланды.

«Жыл сайын бұл мақсаттарға 180 млрд теңге бөлінді. Биылғы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен көктемгі дала жұмыстары мен егін жинау науқанына қосымша 400 миллиард теңге бағытталды. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау үшін Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша техниканы жеңілдетілген лизингке алуға 100 млрд теңге бөлінді. Ауыл шаруашылығы құрылымдарына осындай елеулі қолдаудың арқасында мемлекет белсенді дами алады. ӘКК арқылы пилоттық жоба аясында Қарағанды ​​облысында 2,5% көлемінде ірі жобаларды жүзеге асыруға 8 млрд теңге бөлінді, сонымен қатар «Ауыл аманаты» жобасы арқылы облыс қосымша қаржы алады. Әрине, бұл мемлекеттік қолдау шараларын қолдану агроөнеркәсіп кешенін дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді», - деді министр.

Сондай-ақ Айдарбек Сапаров өңірдегі шегіртке зиянкестерінен қорғау шараларының сапасын тексерді.

Облыста 699,4 мың гектар жер зерттелді, 47,98 мың гектар аумақты үйір шегірткенің таралуы болжануда. Итальяндық прус зиянкесінен қорғау шаралары жоспарға сай жүргізілуде.