Министр соңғы жылдары туризм саласындағы ынтымақтастықты жандандыру, туристік ағымды ұлғайту мақсатында бірқатар шара қабылданып жатқанын атап өтті.
Мәселен, 2023 жылы Қытайдан Қазақстанға келген туристер саны бірнеше есе артып, 367 мың адамға жеткен. Сонымен қатар былтыр 311 мың қазақстандық турист Қытайға сапарлаған. Бұл – 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп.
Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстер саны аптасына 44 рейске дейін жетті.
«ҚХР Төрағасының Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында біз Қытай медиа корпорациясымен (СМG) елдің туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында туризм саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоямыз», - деп атап өтті ҚР туризм және спорт министрі.
ҚХР Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели «Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы» аясында іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, екі ел арасындағы экономикалық, сауда және гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту үшін туризм саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Кездесу соңында Ермек Маржықпаев қытайлық әріптесіне биылғы қыркүйекте Қытай Халық Республикасының Ұлттық құрамасы өнер көрсететін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетінін айтты.
2024 жылдың желтоқсанында Алматыда «Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының» жабылу рәсімін өткізу жоспарлануда.