«Біріншіден, бүгінде мұндай хабарламалар абоненттің келісімінсіз келеді. Екіншіден, хабарламалар, визуалды жарнама заңды түрде құмар ойындарға қатыса алмайтын 21 жасқа толмаған азаматтарға бағытталған. Заң бұзушылар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», - деді спикер.  

Борышкерлердің бірыңғай тізіміне енгізілген адамдарды құмар ойындарға жіберуге және олардың бәс тігуіне тыйым салынады. Мерзімі өткен қарыздары бар азаматтардың құмар ойындарға ақша жұмсамауы керек. Ел бойынша шамамен 3,5 млн борышкер бар. Сонымен қатар норма бәс тігу арқылы қарыздарын жапқысы келетін азаматтарды қауіптен қорғайды. Борышкерлерді, 21 жасқа толмаған және құмар ойындарға қатысуын өз бетінше шектеген адамдарды ойынға жібергені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.

Жеке тұлғаларды құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан өз бетінше шектеудің ең ұзақ мерзімі 10 жылға дейін ұзартылды. Тізімде 150 мыңнан астам адам бар. Мемлекеттік және әскери қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынған. Заңда құмар ойындарға қатысу мен бәс тігу сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу болып қарастырылады. Заңды бұзатындар жұмыстан шығарылады. Тыйымның орындалуын мемлекеттік органдардың кадр қызметі, Антикор және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қадағалайды. Қазіргі уақытта осы норманы заңға тәуелді актілер деңгейінде іске асыру тетігі бойынша жұмыс жүргізілуде. 

«Маңызды ескерту – жоғарыда аталған үш новелланың жағымды тұстары букмекерлік кеңселер мен казинолардың клиенттері арасында біздің азаматтардың саны айтарлықтай қысқарады, нормалардың шетелдіктерге қатысы жоқ. Бұл шамамен 4 млн адам – 3,5 млн борышкер, құмар ойындарға қатысуын өз бетінше шектеген 150 мың адам, 90 мың мемлекеттік қызметші, сондай-ақ әскери және құқық қорғау саласының жүздеген мың қызметкері», - деп атап өтті спикер.  

Мирас Төлебаев лудомандарды диспансерлік есепке қоймай емдеудің жаңа тәртібі енгізіліп жатқанын айтты. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, ресми есепте барлығы 19 лудоман бар. Мемлекеттік клиникаларда емделетіндер туралы ақпарат жаряиланбайды.   

Ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырушыларға ақша жіберуге тыйым салынады. Қазақстанда онлайн-ойынханаларға тыйым салынады, букмекерлік қызмет үшін лицензия қажет. Өкінішке қарай, бұл мәселенің әмбебап шешімі жоқ. Интернет-ойынханалардың қызметі, тіпті, ғаламдық желінің цензурасы бар елдерде де өркендеп тұр. Негізгі құрал тыйым салынған интернет-ресурстарды бұғаттау болды. 2023 жылы мемлекеттік органдар Кибербақылау ақпараттық жүйесі арқылы 4 мыңнан астам заңсыз ойынхана мен букмекерлік сайттарға кіруге тыйым салды. Алайда, ұйымдастырушылар бірден басқа сайттар ашып, тыйым салынған әрекеттерін жалғастыруда. Сондықтан сайттарға төленетін барлық төлемдерді бұғаттау көзделген. 

«Осы мақсатта Туризм және спорт министрлігі осындай заңсыз онлайн платформалардың қызметтеріне бақылау жүргізуді жалғастыруда. Ұйымдастырушы, деректемелер, мерчент айди және оның банкі туралы алынған мәліметтер шетелдік ойын платформаларының арнайы тізіліміне енгізілетін болады. Тізілімнің өзі біздің сайтта Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп әзірленіп жатқан жаңа нысан бойынша қолжетімді болады», - деді спикер.

Заң күшіне енгеннен кейін онлайн-ойынхана ұйымдастырушылар қылмыстық жауапкершілік кодексінің 307-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

Ведомство өкілі азаматтардан шетелдік интернет-ойынханаларға және заңсыз букмекерлік сайттарға кірмеуді сұрады. Вавада, Номад Геймс, Султан Геймс, Вулкан сияқты көптеген танымал сайт Қазақстан аумағында заңсыз болып табылады. Ойын бизнесін заңды ұйымдастырушылардың тізімі Министрліктің сайтында және Е-лицензиялау порталында орналастырылған. 

Заңмен лотерея терминалдары мен электронды лотереяларға (лото клубтары) тыйым салынды. Лотерея операторының электрондық өнімдері оның ресми интернет-ресурсында және мобильді қосымшасында ғана қолжетімді болады. Классикалық лотерея тұрғын үйлерде, мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ діни мекемелерде сатылмайды. Сонымен қатар лотерея мектептер, университеттер, ауруханалар мен емханалардан радиусы жүз метр қашықтықта сатылмайды. Денсаулық сақтау және білім беру объектілері түрлерінің тізбесі қазір уәкілетті органдармен бірлесіп айқындалады.