Биыл 350 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады.
Білім күні – оқушылар мен студенттер, ата-аналар, сондай-ақ педагогтер, ЖОО оқытушылары мен әдіскерлер үшін ерекше мереке.
Білім жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, ізденімпаздық, зерттеуге деген құлшыныс кәсіби жетістікке жетуге, талантымызды ашып, дамытуға, ғылыми жаңалықтар ашуға және жаңа технологиялар жасауға мүмкіндік береді.
Мереке құтты болсын! Биылғы оқу жылында қызықты сабақтар, жаңа жобалар көп болсын!