«Өлім-жітім, жарақаттану және әскери қызметтің қауіпті факторлары туралы айта отырып, армия – бұл күнделікті өмірге қауіп төндіретін өте қиын өмірлік жағдайлары бар ерекше әлеуметтік организм екенін атап өткім келеді. Бұл жауынгерлік техниканы пайдалану, жаттығулар, атыс, маневр және шерулер. Сонымен қатар әскери қызметшілер нақты жауынгерлік құралдармен жұмыс істейді. Бұл ретте әскери қызметтің қолайлы жағдайларын жасау және қолдау бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, өкінішке қарай, әскери қызметшілердің қаза болу фактілері орын алуда. Әрине, оның соңғы жылдары қарқындылығы күрт өскен жауынгерлік оқу жарақат алу қаупін төндіреді», – деп атап өтті спикер. 

Ахуалды талдау кезінде әскери қызметшілердің қаза болуы мен жарақаттануының негізгі себептері қару-жарақ пен оқ-дәрілерді абайсызда ұстау; техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу; қызметтен тыс уақытта ЖКА; аурудан болатын өлім; отбасылық қиыншылықтар негізінде өзіне-өзі қол жұмсау және оларға әрекет жасау болып табылатынын көрсетті. 90%-ы әскери қызметпен байланысты емес.  

«Егер статистикаға жүгінетін болсақ, онда Қарулы Күштердегі соңғы 3 жылда жарғылық емес қарым-қатынас негізінде жасалған қылмыстар саны 28%-ға төмендеді: 2021 жылғы 32 оқиғадан 2023 - жылы 23 оқиғаға дейін. Барлығы 12 әскери қызметші сотталды. Биыл жарғылық емес қатынастардың 13 фактісі тіркелді. Қарулы Күштердің тиімділігі құқық бұзушылықтар санында емес, жауынгерлік даярлық міндеттерін орындау, Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етуінде көрініс табады», – деп түйіндеді ведомство өкілі.  

Саладағы ахуал тәулік бойы бақылауда. Әрбір факті бойынша жедел ден қою шаралары қабылданады.