Елімізде сәуір айында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Оның мақсаты – халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына аудару, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Аталған шара миллиондаған қазақстандықты, соның ішінде қалалар мен ауылдардың бей-жай қарамайтын тұрғындарын, еріктілер мен экологтарды, мемлекеттік мекемелер мен бизнес-құрылымдардың қызметкерлерін біріктірген бірегей экологиялық жобаға айналды.

Бәріміз де өз ауламызды, көшемізді тазалап, өзендер мен көлдерді, ормандар мен тауларды ластамай, ағаштар мен бұталар отырғызып, Қазақстанды таза, әдемі етіп, гүлдендіре аламыз. 

Қоршаған ортаға деген қамқорлығыңыз басқаларға үлгі болсын.