2024 жылғы Санкт-Петербург халықаралық газ форумы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Ресей Федерациясының энергетика министрі Сергей Цивилевпен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Кездесуде жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелері, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Тараптар энергетика саласындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға ниетті.