Оның айтуынша, «Цифрлық нотариат» сервисінің арқасында 2023 жылдың сәуір айынан бастап ерлі-зайыптылардың сенімхаттары, консультациялары мен келісімдері онлайн форматқа ауыстырылды. Енді оларды нотариусқа бармай-ақ бейне қоңырау арқылы алуға болады. Барлық жиналған құжат «цифрлық құжаттар» сервисінде көрсетіледі. Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында қосымша клиент СМС-код және ЭЦҚ түрінде екі факторлы аутентификациядан өтеді. Жоба іске қосылған сәттен бастап 138 мыңнан астам цифрлық сенімхат және ерлі-зайыптылардың 48 мыңға жуық келісімі ресімделді.
«Адвокаттық, нотариаттық, сот-сараптамалық қызметпен айналысу құқығына «Аттестаттау реинжинирингі» бойынша жоба табысты іске асырылуда. Бұл жобада ситуациялық жағдайлардың орнына ауызша комиссиялық әңгімелесу кезеңін алып тасталды. Осылайша, бүгінгі күні аттестаттау рәсімінің қолжетімділігі мен ашықтығы қамтамасыз етілді. Аттестаттау реинжинирингі жобасы өткен жылдың мамыр айында Астана, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында іске қосылды. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап жоба бүкіл республика бойынша таратылды. Бүгінгі таңда 5495 үміткер аттестаттауға жіберілді, 1128 үміткер аттестаттаудан өтті», – деді спикер.