Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бастапқы өндірістен жоғары деңгейде өңделген өнімдер шығаруға көшіп, қайта өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізу көзделген. Белгіленген мақсатты орындау үшін 2024 жылы маусымда Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Бұл жоспар салаға қолдау көрсету шараларын қамтиды. 

«Бұл Кешенді жоспардың ішінде бірнеше көрсеткіштер қарастырылған. Соның ішінде қайта өңдеу кәсіпорындарын, арзан шикізатпен қамтамасыз ету, негізгі және айналым қаражаттармен толықтыру және де жаңа нарықтарды ашу үшін, яғни қайта өңделген өнімдердің экспорттық әлеуетін арттыру. Жалпы, осы Кешенді жоспар шеңберінде 58 инвестициялық жоба қарастырылған болатын. Оның ішінде біз 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлығын қайта өңдеу көлемін 70%-ға дейін жеткізу бойынша индикатор көрсетілген. Сонымен қатар 2028 жылы тамақ өнімдерін өндіру көлемін 1,4 есеге арттыру көзделген. Жалпы, салаға тартылатын инвестициялардың көлемі 2028 жылы 1 трлн-ға жеткізу бойынша көрсеткіштер көрсетілген», – деді спикер.