Оның айтуынша, бұл жүйелер «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуі керек.  

«Биыл іске қосылып келе жатқан маңызды пилоттық жобалардың бірі – пациенттердің цифрлық идентификациясы. Бұл бағытта көп арыз-шағым түсіп жатыр. Маңызды бағыттардың бірі – медицина саласында өте көп медициналық анықтамалар, құжаттар бар. Соларды цифрлық форматқа ауыстыру. Азаматтар соған бола клиникаға барып, кезекке тұрады. Қағаз жүзінде өзіне тиесілі мемлекеттік орган немесе мекемелерге, жұмыс берушілерге жеткізеді. Бұл да тежегіш факторлардың бірі», – деді вице-министр.  

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың есебі мен қозғалысын цифрландыру бағыты да қолға алынды. Әзірге, дәрілерді беру процесі толық қамтылмаған. Осы жүйеге мониторинг жасап, оны бақылау көзделіп отыр.  

Сондай-ақ биыл қыркүйек айынан бастап барлық медициналық деректі жинайтын бірыңғай базасы құру басталды. Жоба аясында медициналық деректерді толық жинайтын эталондық база құру жоспарда бар. Мұнда статистикалық ақпарат пен науқастардың қажетті анықтамалары кіргізіледі. Деректер «пациенттердің соңынан жүру» қағидаты бойынша енгізіледі. Әр азамат қай мекемеге жүгінсе де, барлық ақпарат сол мекемеде қолжетімді болады. Азаматтардың жеке деректері қорғалады.