Оның айтуынша, қазан айында Түркістан қаласына 127 шетелдік компания шақырылып, 301 млрд теңге көлемінде 35 меморандумға қол қойылды. Осы келісім арқылы дрон, бейнекамера, медициналық жиhаз, тұрмыстық техника өндіретін кәсіпорындарды ашу жұмыстары басталды. Түркістандық зауыттар елімізді және экспортты түрлі өніммен қамтамасыз ететін болады.
Одан бөлек, алдағы уақытта индустриалды аймақтарда тұрмыстық техника, өсімдік майы, газ қондырғылары, лифт құрастыру, әскери палатка, санфаянс, сэндвич панелі және сусындар өндіретін зауыттар ашылады.
«Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, инвестиция тарту экономикада маңызды бағыт болып есептеледі. Елімізде Түркістан облысы инвестиция тарту бойынша көшбасшылар қатарында келеді. Облысқа жыл басынан 888 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,7%-ға артты. Ал, жыл басынан тікелей шетелдік инвестиция көлемі 685 млн АҚШ долларын құрап, жылдық жоспардан 1,5 есеге артығымен орындалды. Түркістан облысы – халық саны ең көп өңірдің бірі. Сондықтан аймақта жұмыс орындарын ашу, өндірісті дамытуға айрықша басымдық берудеміз»,-деді облыс әкімі.
Облыста өндіріс пен ауыл шаруашылығын терең қайта өңдеу жүйесі орнықпаса, экономиканы дамыту қиынға түседі. Сол себепті өңірдің өркендеуіне тың серпін беретін энертегика, агроөнеркәсіптік кешен, өндіріс және қайта өңдеу, туризм салаларында маңызды 145 инвестициялық жобалар пулы дайындалды. Аталған жобаларды жүзеге асыру арқылы 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Кірістер қосымша 100 млрд теңгеге ұлғаяды. Бүгінгі күні, жалпы құны 86 млрд теңге болатын 31 инвестцииялық жоба іске қосылып, 1300-ден астам жұмыс орны ашылды.
Өңірдің басты ерекшілігі – халықтың 80%-ы ауылдарда тұрады. Сондықтан да ауыл шаруашылығы – халық тұрмысының маңызды саласы болып есептеледі.
«Біз ауыл шаруашылығын әртараптандыру, су үнемдеу технологияларын енгізу, мал мен өсімдік өнімін терең өңдеу бағытында жұмыс жүргізудеміз. ауыл шаруашылығында өнім көлемі 958 млрд теңгені құрап, өсім 105,8 %-ға жетті. Осыған сәйкес, өндірілген өнім көлемі бойынша облысымыз республикада жоғарғы көрсеткішке ие. Бұл бағытта нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында 2024-2027 жылдарға жалпы 105 жобаны іске асыру жоспарланған. Осы арқылы 8 мыңнан астам жұмыс орны қалыптасуы керек. Өздеріңізге белгілі, елімізде жыл сайын ағын су тапшылығы байқалады. Түркістан облысына қажетті судың 70%-ы көрші мемлекеттен келеді. Сондықтан да ауыл шаруашылығында заманауи су үнемдеу технологиясын ендіріп, жаңа дақылдар мен сорттарды өсіруге басымдық береміз. Су үнемдеу технологиясын 216,3 мың гектарға енгізіп, суармалы жерлердің үлесін 40%-ға жеткізу жоспарымыз бар», – деді спикер.
Биылдың өзінде бұл технология жалпы 50 мың гектарға дейін жеткізілді. Су үнемдеу технологияларының қолжетімділігін арттыру бағыттында жалпы құны 11,7 млрд теңгені құрайтын 3 өндіріс орындары ашылды. Олар: «BNK Group LTD» құны 7 млрд теңге құрайтын «Жылына 1 000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты, 4,1 млрд теңге болатын «14 мың гектар тамшылатып суару өндірісі», «Тұран су» мемлекеттік кәсіпорны құны 650 млн теңге құрайтын жылына 9 мың гектар тамшылатып суару жүйесін шығаратын өндірісті толығымен іске қосты. Қытайлық инвестордың құны 2 млрд теңгелік 40 мың гектарға тамшылатып суару өндірісі келесі жылы аяқталады.
Облыста су нысандарын салу, қалпына келтіру жұмыстарын жеделдету үшін «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің әлеуетін толық пайдалану қолға алынды. Өз табысы есебінен 60 бірлік арнайы техникалар сатып алынды. Оның ішінде, 51 жуығы экскаватор. Нәтижесінде қосымша 5 млрд теңгеге бағаланатын жұмыстарды өз есебінен атқарып, экономикалық тиімділігін 2 есе көрсетіп отыр. Кәсіпорынның көрсеткен тиімділігінің нәтижесінде, Ислам Даму банкі арқылы алғаш рет 73,6 млрд теңгеге 14 жобаны қаржыландыру мақұлданды.
Сол арқылы 160 шақырымнан астам канал бетондалып, 53 мың гектар жерді сумен қамтамасыз ету жақсарады. Сонымен қатар Түркістан қаласы және оның аумағындағы 6 ауданды 113 млн текше метр сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында 2 ірі су қоймасы салынады. Атап айтқанда, «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы қарқынды жүргізілуде. «Боралдай» су қоймасының жобасы әзірленуде, оның құрылысы 2025 жылы басталады.