Келесі кезеңде анықталған перспективаларды сапалы растау үшін сынамаларды іріктеу және зертханалық талдаумен 1:50 000 масштабта түсіру бойынша жер үсті жұмыстарын жүргізу. Бұл ретте мемлекет шығындарын ескере отырып қол қою бонусының бастапқы мөлшерін айқындай отырып жер қойнауын зерттеудің әрбір кезеңінің нәтижелері бойынша аукцион өткізу ұсынылады. 2018 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде жер қойнауын пайдаланушыларға геологиялық түсіру және геофизикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында  302 лицензия берілді. 

«Лицензия иелерінің жұмыс жоспарында көрсетілген жұмыстардың жобалық құнын талдау зерттеуге жұмсалған шығындардың жалпы құны 32 млрд теңгеден асқанын көрсетеді. Қазіргі уақытта жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия беру процесі электрондық форматта жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың ортасынан бастап лицензия мемлекеттік қызмет форматында өткізіледі», – деді ведомство өкілі.  

Заманауи геофизикалық жұмыстар – ең алдымен аэрогеофизикалық зерттеу - жер қойнауының құрылымы туралы сапалы ақпаратты жылдам әзірлеудің бірден-бір әдісі болып табылады. Пилоттық жоба аясында Қазақстанның перспективалы өңірлерін, оның ішінде Солтүстік Балқаш және Қалба-Нарым аймағын, қамту көзделіп, жаңа перспективалық аумақтар анықталатын болады.  
Сонымен қатар геологиялық деректерді цифрландыру шеңберінде жасанды интеллектті және ақпаратты өңдеудің инновациялық әдістерін қолдану жоспарланған. Жасанды интеллект еліміздің жер қойнауы туралы ақпаратты жылдам өңдеп, деректерді тиімді талдауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, осы жылдың мамыр айында Тау-Кен Самұрық және Ivanhoe Electric арасында бірлескен геологиялық барлау жүргізу үшін ынтымақтастық туралы келісім жасалды. 

«Жер қойнауын пайдалану және геология саласын автоматтандыру мақсатында minerals.e-qazyna.kz бірыңғай платформасын құру бойынша халықаралық тәжірибе негізінде жұмыстар жүргізілуде. Бірыңғай платформада инвестордың өтінім беруінен бастап, лицензия алуына дейін цифрландырылған процесс іске асырылады. Осы бағытта Финляндия геопорталының моделі негізге алынды», – деді спикер. 

Инвесторларға перспективалы учаскелерді таңдауды оңтайладыру мақсатында, интерактивті карта әзірленіп, 60 мыңнан астам геологиялық есеп порталға енгізілді.