Қазақстанның ұлттық электр желісін дамыту
Бүгінгі таңда Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы қолда бар қуат көлемі 20,4 ГВт-ты, жұмыс қуаты 15,4 ГВт-ты құрады. Ағымдағы жылыту маусымында тұтынудың ең жоғары деңгейі 16,6 ГВт-қа жетті, ал ең жоғарғы мөлшерлі генерация – 15,1 ГВт.
Қазақстанда 222 электр станциясы жұмыс істейді (КЭС – 6 бірлік, ЖЭО – 41 бірлік, ГТЭС – 14 бірлік, ГПЭС – 7 бірлік, СЭС – 6 бірлік, ЖЭК – 148 бірлік). Оның ішінде 148 ЖЭК нысанның (шағын СЭС – 51 бірлік, ЖЭС – 54 бірлік, КЭС – 42 бірлік, БЭҚ – 1 бірлік) жалпы қуаты 2,9 ГВт.
2024 жылы Энергетика министрлігінің «Жылу-электр энергетикасын дамыту» бюджеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 14 жобаны (6 жылумен жабдықтау, 8 электрмен жабдықтау) іске асыруға 58,3 млрд теңге бөлінді. Жобалардың бірі, Орал қаласының «Ақжайық» ЕТЖҚ ауданындағы 110/10 кВ қосалқы станциясы пайдалануға берілді.
Сонымен қатар қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті 32 млрд теңгеден 428 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін негізгі жабдықты жаңғырту, кеңейту және реконструкциялау жөніндегі жобалар пулын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта жалпы қуаты 2,8 ГВт болатын 22 инвестициялық келісім бар, оның ішінде лимит ұлғайғаннан кейін жалпы қуаты 1,36 ГВт болатын 13 келісім жасалды.
2023 жылғы қарашада «Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту» жобасы сәтті іске асырылды, оның шеңберінде «Батыс Қазақстан энергия торабы – Атырау – Маңғыстау» бағыты бойынша ұзындығы 780 км болатын 220 кВ электр беру желісі (ЭБЖ) салынды. Бұл қадам электр қуатының өткізу мүмкіндігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған.
Келесі қадам ретінде 2028 жылдың соңына дейін Батыс аймақтың электр желілерін Бірыңғай электр энергетикалық жүйемен біріктіру жобасы іске асырылатын болады, ол үшін Ақтөбе және Атырау облыстарын жалғайтын ұзындығы 604 км болатын 500 кВ ЭБЖ салынады. Бұл Солтүстік және Оңтүстік аймақтардың электр энергиясы мен қуатының теңгерімсіздігін өтеу үшін Батыс аймақтың маневрлі газ энергия көздерін пайдалануды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, құрылыс-монтаждау жұмыстарына 2025 жылы кіріседі.
Оңтүстік өңірлердің тұтынушыларын энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру және Орталық Азия елдерінің энергия жүйелерінің жұмыс режимдерімен байланысты апаттық бұзушылықтардың туындау тәуекелдерін азайту Оңтүстік аймақтың (Шу–Жамбыл–Шымкент) электр желілерін күшейтуді талап етеді. Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ аталған жобаны іске асыруды бастады, оның 1-кезеңі 2027 жылы аяқталады, оның шеңберінде Шу–Жамбыл–Шымкент бағыты бойынша ұзындығы 475 км 500 кВ ӘЖ салынады. Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірлеу жүріп жатыр.
Еліміздің солтүстік және оңтүстік өңірлері арасындағы байланысты одан әрі күшейту, сондай-ақ транзиттік әлеуетті арттыру үшін кернеуі +/-500 кВ «Солтүстік-Оңтүстік» тұрақты ток желілерін салу жоспарлануда. Өткізу мүмкіндігі 2000 МВт-қа артады.
Қазақстанның бүкіл Біртұтас электр энергетикалық жүйесін айналып өтуге мүмкіндік беретін еліміздің батыс және оңтүстік аймағын жалғайтын тұрақты ток желісін салудың орындылығын зерделеу жүргізілуде.
Бұл жобаларды іске асыру тұрақты әрі сенімді электрмен жабдықтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді.
Жылу генерациясы
Биыл Екібастұз 1-ГРЭС-те қуаты 500 МВт жаңа генерацияланатын бірінші энергоблок желіге қосылды, жыл соңына дейін Атырау ЖЭО-да тағы 65 МВт, сондай-ақ 2025 жылы Топар ГРЭС-те 130 МВт іске қосылады деп күтілуде.
Қолданыстағы электр станцияларын реконструкциялау және кеңейту есебінен қосымша 5,6 ГВт іске қосу қамтамасыз етілетін болады, оның ішінде 2024 жылы Министрлік энергия өндіруші ұйымдармен жалпы қуаты 1,4 ГВт болатын 13 инвестициялық келісім жасасты. Мұндай жобалар қатарында Ақсу ГРЭС-тегі қуаты 325 МВт №7 блоктың құрылысы, Қарағанды ЖЭО-3-те қазандық агрегатының құрылысы мен турбинаны ауыстыру және «Karabatan Utility Solution» ЖШС-нің бу-газ қондырғысын 310 МВт-тан 620 МВт-қа дейін кеңейту ісі бар.
Өткен жылы жалпы қуаты шамамен 9 ГВт жаңа генерация салу жоспарлары анықталды. Қазіргі уақытта бұл жобалар іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде.
Аукциондық сауда-саттық шеңберінде маневрлік генерацияны іріктеу бойынша 2,5 ГВт жаңа қуаттарды іске қосу жоспарлануда.
Бүгінгі таңда Түркістан, Қызылорда облыстарында, Ұлытау облысы мен Алматыда іске асырылатын жалпы қуаты шамамен 1,8 ГВт болатын бу-газ қондырғыларының төрт ірі жобасы бойынша құрылыс жұмысы жүргізілуде, олардың аяқталу мерзімі 2026 жылға жоспарланған. Сонымен қатар 2024 жылдың тамызында Қазақстанда жалпы қуаты 700 МВт болатын кезекті аукциондық сауда-саттық өтті, оның қорытындысы бойынша Жамбыл, Ақтөбе және Атырау облыстарында бу-газ қондырғыларын сату құқығына төрт жеңімпаз анықталды. Қазіргі уақытта аяқтау мерзімі 2028 жылға жоспарланған жобаларды іске асыруға кірісті. 2029 жылға дейін инвестициялардың күтілетін көлемі 8 трлн теңгеден астам соманы құрайды.
Үкіметаралық келісім шеңберінде стратегиялық инвесторлардың қатысуымен қуаты 2 ГВт ауқымды жобаларды пысықтау жүргізілуде.
Мысалы, Қатармен қол қойылған үкіметаралық келісім шеңберінде Қызылорда облысында қуаты 1100 МВт бу-газ қондырғысын (БГҚ) салу жоспарланып отыр, оның аяқталу мерзімі – 2029 жыл.
Тағы бір үкіметаралық келісім – Ресеймен Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір генерациясы базасында жаңа жылу электр орталықтарын (ЖЭО) салуға бағытталған (Көкшетау ЖЭО — 240 МВт, Семей — 360 МВт, Өскемен — 360 МВт), пайдалануға берудің жоспарланған мерзімі – 2028-2030 жылдар. Бұл жобалар «таза» көмір технологияларын пайдалана отырып іске асырылатын болады және ұзақ жылыту кезеңімен әрі газ тасымалдау инфрақұрылымының болмауымен ерекшеленетін Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі қолданыстағы көмір паркін алмастыруға бағытталған.
Шекті тарифтерді түзету және энергия блоктарын жөндеу
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Энергетика министрлігі берілген өтінімдерге сәйкес 49 энергия өндіруші ұйымның 24-і үшін электр энергиясының шекті тарифтерін өзгертті.
Жүйелік оператордың жөндеу кестесіне сәйкес электр станцияларында 2024 жылы 10 энергия блокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Қазіргі сәтте 9 энергия блокта, 53 қазандықта және 40 турбинада жөндеу жұмысы аяқталды. 1 энергия блокта, 2 қазандықта және 5 турбинада жөндеу жұмысының соңғы кезеңі жүргізілуде.
ӨЭК электр желілерінде 20,7 км электр беру желілері, 422 қосалқы станция және 4 мың трансформаторлық қосалқы станция жөнделді.
Жылумен жабдықтау желілерінде биылға жоспарланған 542 км-ді жөндеу және реконструкциялау толық көлемде орындалды. Уақытылы жүргізілген жұмыстың арқасында жылыту кезеңін тұтастай жұмыла бастауға және оны ірі технологиялық бұзушылықтарсыз жүзеге асыруға мүмкіндік туды.
Мұнай өндіру және өңдеу
2024 жылға арналған мұнай өндіру жоспары 90,3 млн тоннаны құрайды (2023 жылғы деңгейге 100,4%). Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша мұнай өндіру 80,5 млн тоннаны құрады, бұл жоспардан 1,8 млн тоннаға аз (82,3 млн тоннаға белгіленген мақсаттан 97,8%).
2024 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 16,7 млн тоннаны құрады, бұл жоспардың 102%-ын құрайды (жоспар – 16,4 млн тонна). 2024 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі 17,9 млн тоннаға дейін ұлғаяды деп күтілуде, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға артық. Мұнай өнімдерін (бензин, дизель отыны, мазут, авиакеросин, битум) өндіру 2024 жылғы қаңтар-қарашада 13,1 млн тоннаны немесе жоспарлы көрсеткіштің 100%-ын құрады.
Елімізде мұнай өңдеу саласын дамыту 2024-2040 жылдарға арналған Тұжырымдаманы бекіту арқылы қолдау татпы, бұл аталған саланың Қазақстанның экономикалық өсуі үшін стратегиялық маңызын атап көрсетеді.
Көмірсутектер саласында жасалған келісімшарттар және олардағы қазақстандық қамту үлесі
Қазіргі уақытта көмірсутектер бойынша 315 келісімшарт жасалды, оның ішінде:
9 – өнімді бөлу туралы келісімдер (ӨБК);
122 – өндіруге;
173 – барлау мен өндіруге;
11 – барлау үшін.
2024 жылдың 9 айында көмірсутек секторы саласына инвестициялар 2,8 трлн теңгені құрады, оның ішінде: барлау шығындары — 125,9 млрд теңге, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына аударымдар (ӨӘЭД) — 46,5 млрд теңге, оқыту шығындары — 12,483 млрд теңге, ҒЗТКЖ шығындары — 7,03 млрд теңге.
Энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының ТЖҚ (тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін) сатып алуларының жалпы көлемі 9 айда 4,3 трлн теңгені құрады, оның ішінде қазақстандық өнім берушілердің елішілік құндылық (ЕҚ) үлесі 61,4%-ды құрады, бұл 2,7 трлн теңгеге балама:
783,5 млрд теңгеге тауарлар сатып алынды, ЕҚ үлесі – 36,5%, бұл 285,7 млрд теңгені құрайды;
жұмыстар 1,6 трлн теңгеге орындалды, ЕҚ үлесі – 79,6%, бұл 1,3 трлн теңгені құрайды;
1,9 трлн теңгеге қызмет көрсетілді, ЕҚ үлесі – 56,3 %, бұл 1,1 трлн теңгені құрайды.
2024 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушы компаниялары қызметкерлерінің жалпы штат саны 81 191 адамды құрады, оның 80 033-і Қазақстан Республикасының азаматы саналады (98,57 %).
2020 жылдан 2024 жылдың шілдесіне дейін Энергетика министрлігі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге 10 электрондық аукцион өткізді, нәтижесінде 116 жер қойнауы учаскесі сатылды (барлау мен өндіруге 97, өндіруге 19).
Бюджетке төленген қорытынды қол қою бонусы шамамен 54,1 млрд теңгені құрады, ал геологиялық барлауға жарияланған инвестициялар – $479,8 млн-нан астам.
Қазақстандық өнім берушілердің (ЕҚ) 2024 жылға арналған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуының болжамды көлемі энергетика секторындағы сатып алулардың жалпы көлемінің 61,8% деңгейінде күтіледі (2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 4,1 трлн теңге сомасына 61%-ды құрады).
Газ саласын дамыту перспективалары
Қазақстанның газ секторы ішкі нарықты табиғи газбен қамтамасыз ете отырып белсенді дамуын жалғастыруда әрі өндіру көлемін ұлғайтуға ұмтылуда. Қазіргі уақытта елімізде табиғи газ өндіру деңгейі жылына 55 млрд м3 астам құрайды. 2030 жылға қарай газ өндіру деңгейі 86,5 млрд м3 жетеді деп болжануда.
Қазақстандағы негізгі газ кен орындары – Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ. Сондай-ақ газдың ресурстық базасын ұлғайту мақсатында Анабай және Шығыс Өріктау, Рожковское сияқты жаңа кен орындары белсенді дамып келеді. Таяу келешекте Батыс Прорва, Орталық Өріктау, Барханная (2025-2026 жылдар кезеңінде) кен орындарын іске қосу күтілуде, олардың жиынтық алынатын қорлары 50 млрд м3-тен асады.
Газ саласын дамытудың маңызды бағыттары инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа кен орындарын дамыту, сондай-ақ жаңа газ өңдеу қуаттарын пайдалануға беру арқылы тауарлық газдың ресурстық базасын арттыру болып қала береді.
Негізгі бағыттардың бірі – ілеспе газды утилизациялау, бұл қалдықтарды айтарлықтай азайтады және еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді. Соңғы жылдары ауада жанып кететін газ көлемі жылына 3,1 млрд м3-тен 0,3 млрд м3-ке дейін қысқарды, бұл ретте газ өндіру деңгейі 27 млрд м3-тен 59,1 млрд м3-ке дейін ұлғайды.
Республикада тауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайту мақсатында газ саласын дамытуды жалғастыру жоспарлануда. Атап айтқанда, Атырау облысында қуаты жылына 1 млрд м3 газ өңдейтін зауыт салынуда, ол Қашаған кен орнының шикізатында жұмыс істейтін болады. Бұдан басқа, 2030 жылға қарай Қашаған кен орнын игеру шеңберінде қуаты жылына 2,5 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылысы жобасын іске асыру жоспарлануда. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін қатарлық инвестор — UCC Holding тартылды.
Маңғыстау облысында, Жаңаөзен қаласында ескі Қазақ газ өңдеу зауытының базасында қуаты жылына 900 млн м3 жаңа зауыт салынуда. Қарашығанақ кен орнында қуаты жылына 4 млрд м3 газ өңдеу зауытын салу бойынша келіссөздер жүргізілуде, ол 2030 жылдан кешіктірілмей пайдалануға берілуі тиіс. Осы жобалардың барлығын іске асыру 2030 жылға қарай тауарлық газ өндірісін ағымдағы 23 млрд м3-тен жылына 31 млрд м3-ке дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қызылорда облысында Оңтүстік Қайыркелді секілді жаңа кен орындарын пайдалануға беру жоспарлануда (өндіру көлемі жылына 35 млн м3).
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының бастамасы бойынша газды түпкілікті тұтынушылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған түзетулерді қамтитын заң жобасы ұсынылады. Атап айтқанда, газды есепке алуды цифрландыру және белгіленген тұтыну нормаларынан асып кеткені үшін нормативтен тыс коэффициенттерді қолдану сияқты ұқыпты тұтыну тетіктері енгізілуде.
Бұдан басқа, заң жобасында елді газдандыруға республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат шеңберінде салынып жатқан объектілердің сапасын жақсартуға бағытталған нормалар көзделген.
Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды кеңейту шаралары жаңа автокөлік газ толтыру компрессорлық станция (АГТКС) салуды және табиғи газға арналған маршруттық автобустарды жаңартуды көздейтін 2024-2027 жылдарға арналған Жол картасын жасауды қамтиды. 2025 жылы 1567 жаңа автобус сатып алу, сондай-ақ 5 жаңа АГТКС салу жоспарланып отыр, бұл табиғи газдың мотор отыны ретінде қолжетімділігін арттырады.
Бұдан басқа, өз машиналарын сұйытылған табиғи газға (СТГ) ауыстырғысы келетін автокөлік жүргізушілері үшін ынталандыру тетіктерін енгізу жоспарлануда.
Сондай-ақ Шымкент пен Батыс Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алушылар үшін тауарлық газға жеңілдіктер беру үшін пайдаланылатын «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл жоба газға жеңілдіктер беру жүйесін кеңейтуге және автоматтандыруға, сондай-ақ мұқтаждар үшін отынның қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
ЖЭК дамыту
Бүгінгі таңда белгіленген қуаты 2 903,7 МВт болатын 148 ЖЭК нысаны (100 кВт-тан жоғары) іске қосылды. Атап айтқанда:
– қуаты – 1 409,55 МВт жел электр станцияларының 59 нысаны;
– қуаты – 1 222,61 МВт күн электр станцияларының 46 нысаны;
– қуаты 269,785 МВт болатын су электр станцияларының 40 нысаны;
– қуаты 1,77 МВт болатын биогаз электр станцияларының 3 нысаны жұмыс істейді.
Өткізілген аукциондық сауда-саттықтың және «ЖЭК қолдау бойынша есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-мен жасалған шарттардың қорытындысы бойынша тартылған инвестиция көлемі шамамен 720 млрд теңгені құрайтын, жиынтық қуаты 1 682,4 МВт болатын 66 ЖЭК жобасын:
- қуаты 311,11 МВт болатын 34 су электр станцияларының 34 нысаны:
- қуаты 1 110 МВт жел электр станцияларының 20 нысаны;
- күн электр станцияларының 9 нысаны 250 МВТ;
- қуаты 11,35 МВт биогаз электр станцияларының 3 нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Жыл соңына дейін жалпы қуаты 163,35 МВт болатын сегіз жаңа ЖЭК жобасын іске асыру көзделген. Ақмола облысында «Jasil jel» ЖШС 4,95 және 10 МВт-қа екі жел электр станциясы салынды; Жамбыл облысында «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС 20 МВт-қа күн электр станциясы салынды; Алматы облысында іске асыру сатысында қуаты 3 МВт «ЖЭС Толқын» ЖШС су электр станциясы тұр; Жетісу облысында «Baskan Power» ЖШС14,9 МВт-қа су электр станциясының құрылысы іске асырылуда; Ақтөбе облысында «ERG Capital Project» ЖШС 12,5 МВт жел электр станциясын іске асыру сатысында; Маңғыстау облысында «Sarkylmas Kuat»ЖШС 50 МВт жел электр станциясының құрылысы жүргізілуде; Атырау облысында «Дивитэл» ЖШС 48 МВт жел электр станциясы іске асыру сатысында.
2027 жылға дейін Энергетика министрлігі ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша жалпы белгіленген қуаты 4 500 МВт-тан астам ЖЭК генерациясының әртүріне аукциондық сауда-саттық өткізуді жоспарлап отыр.
Үкіметаралық уағдаластықтар шеңберінде Энергетика министрлігі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесіп ЖЭК жобаларын іске асыруға кірісті: Жамбыл облысында Total Energies ЖЭС 1 ГВт; Жамбыл облысында Masdar ЖЭС 1 ГВт; Юнигрин Энерджи 1 ГВт; Жетісу облысында ЖЭС 1 ГВт жобасы.
Жоғарыда аталған жобалар шеңберінде отандық өндіріс жабдықтарын кемінде 30% қолдану күтілуде. Ауқымды жобалар 2025 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын бастайды.
Қытай Халық Республикасымен ЖЭК саласындағы жобаларды іске асыру жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойылды, оның шеңберінде жалпы қуаты 1,8 ГВт ЖЭК объектілерін салу жоспарлануда. Осы Келісімге сәйкес үкіметаралық келісімнің жобасына қосымша ЖЭК жобаларын енгізу мүмкіндігі бар.
АЭС
Атом генерациясын құру жоспарларын іске асыру және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу міндеті тұрғысында 2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізілді, онда азаматтардың көпшілігі АЭС салу идеясын қолдады. Қазіргі уақытта Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылының маңында 2-ден 2,8 ГВт-қа дейінгі атом электр станциясының құрылысы қаралуда, сондай-ақ ядролық технологияның әлеуетті жеткізушілерімен келіссөздер жүргізілуде, ведомствоаралық комиссия құрылды, ол барлық вендорлардың ұсыныстарын бәсекелестік негізде қарайды. Жаңартылатын, баламалы энергия көздерін және газ генерациясын енгізу электр энергиясын тұтыну көлеміндегі көмір генерациясының үлесін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Осылайша, 2035 жылға қарай көміртекті офсетке жылына 44 млн тонна СО2 деңгейіне қол жеткізу жоспарлануда.
Энергия көздері штаттық режимде жұмыс істеп тұр, жылыту маусымы тұрақты. Іске асырылып жатқан жобалар бастапқы ресурстармен жеткілікті көлемде қамтамасыз етілген.