Нұрия Сисенованың айтуынша, қазіргі уақытта судья болудың екі жолы бар. Біріншісі – Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында оқу және оның қорытындысы бойынша судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру. Екінші әдіс – Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын сәтті тапсыру. 

«Сот төрелігі академиясында оқудың артықшылығы: оқу мерзімі 1 жылды құрайды; оқу кезінде жұмыс орны сақталады; еңбекақы толық сақталады; Астана қаласының соттарында тағылымдамадан өту; шалғай аудандарда судья лауазымына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі. Академия түлектері соттарда тағылымдамадан өтуден босатылды», - деді Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі.  

Қазіргі уақытта құқықтың жекелеген салаларындағы судьялық лауазымдарға жоғары білікті заңгерлер мен бейінді мамандарды тарту үшін жағдай жасалып жатыр. 

«Жаңа түзетулерде біліктілік емтиханын тапсырғаннан кейін үміткердің тағылымдамадан өткенге дейін конкурсқа қатысуға, белгілі бір соттан ұсыныс алуға, содан кейін тағайындау үшін ұсынылған сотта тағылымдамадан өтуге құқығы бар екені көрсетілген, содан кейін Мемлекет басшысына осы судьяны осы сотқа тағайындау туралы ұсыныс жіберіледі», – деді Нұрия Сисенова. 

2021 жылы Кеңес алғаш рет судьялық лауазымдарға 103 кандидатты, 2022 жылы – 121 кандидатты, 2023 жылы – 146, 2024 жылы – 156 кандидатты ұсынды.