Сондай-ақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Көлік министрлігімен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдарды автомобиль көлігімен (инватакси) тасымалдау бойынша қызметтер көрсету тәсілдерін қайта қарауды жоспарлап отыр.
«Оңалту спектрі қызметтерін кеңейту бойынша шаралар әзірлеу басталады – бұл дәрі-дәрмекпен емдеуді қоспағанда, ауылдық амбулаториялар базасында мүгедектігі бар балаларға арналған физиотерапиялық қызметтер, емдік дене шынықтыру, массаж және т.б. Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы қызметінің, оның ішінде ғылыми қызметті әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру бөлігінде кезең-кезеңімен трансформациялау жоспарланған», – деді вице-министр.
Айта кетерлігі, қазір мүгедектігі бар адамдардың сапалы білімге қол жеткізу проблемасы сақталуда. Бұл олардың жұмысқа орналасуын, әлеуметтену мүмкіндіктерін шектейді. Ол үшін Тұжырымдама шеңберінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары жанынан ерте психологиялық -педагогикалық қолдау қызметтерін құру жоспарлануда. Шалғай өңірлерде білім беру жүйесіндегі 16 орталықтарында тұратын мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсетіледі. Бұл баларды оқытуға әмбебап дизайн бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленеді.
Сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге араласуы үшін дауыс беру жағдайларын ұйымдастыру бойынша оқу материалдарын жетілдіру жалғастырылады. Мәселен, сайлау кезінде оларға трафаретті бюллетеньдерін әзірлеу жұмысы жүргізіледі.
Тұжырымдаманың негізгі бағыттарының бірі кедергісіз орта құру болып табылады. Мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, халық үшін қызметтер мен инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігі кеңейтілетін болады. Бүгінде интерактивті қол жетімділік картасында 42 964 нысан тіркелген. 22 777 нысан немесе 53%-ы толығымен бейімделген. Инфрақұрылым объектілері мен көрсетілетін қызметтердің халық үшін қолжетімділігін регламенттейтін ұлттық стандарттарды қолдану жұмысы жалғасады.
Климаттың өзгеруiне және техногендiк апаттарға байланысты мүгедектiгi бар адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн жағдайда төтенше жағдайлар мен дүлей зiлзалаларда қауiпсiздiктi және оларды қорғауды қамтамасыз ететін жүйелі шаралар қабылданады.