«Бірінші. Жақын туыстары арасында жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасауға, экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді пайдалана отырып, меншікке ресімделген жылжымайтын мүлікті бес жыл ішінде өткізуге тыйым салу. Екінші. Мансап орталықтары қызметкерлерінің қоныс аударушы немесе қандас ұсынған құжаттарды, жылжымайтын мүлік объектісі бойынша мәліметтерді мәміле объектісіне толық және мұқият қарау объектіге бару арқылы олардың толықтығы мен дұрыстығы тұрғысынан салыстырып тексеруді жүзеге асыруы. Үшінші. Бұрын қоныс аударушының отбасы мүшелерінің бірі не қандас экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлем алған жағдайда сертификат беруден бас тарту бойынша қосымша негіздемені бекіту. Төртінші. Қоныс аударушылардың қоныс аудару аймағынан тыс жерлерде еңбек қызметін жүзеге асыру құқығын алып тастау», – деді спикер.
Ағымдағы жылдан бастап қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу және ерікті қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шараларын көрсету жөніндегі мемлекеттік қызметтер электрондық форматта көрсетілетін болады. Осылайша, көрсетілетін қызметті алушылардың мансап орталықтарының қызметкерлерімен байланысы жойылады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Осы мемлекеттік қызмет түрлерін цифрландыру қоныс аударуға қатысушылар мен еңбек ұтқырлығы орталықтары арасындағы шарттық міндеттемелердің орындалуына нақты мониторингті қамтамасыз етеді. Осы мақсатта «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесінде қатысушылар мен олардың отбасы мүшелерін тұрақты тіркеу негізінде ерікті қоныс аударуға қатысатын адамдардың ішкі орнын ауыстыру есебі жүргізіледі.
Аталған есеп қоныс аударушыларда, қандастарда және олардың отбасы мүшелерінде тіркеу орнындағы өзгерістерді уақтылы анықтауға мүмкіндік береді. Өз еркімен кететін отбасыларға қатысты мансап орталықтары төленген материалдық көмекті сотқа дейінгі тәртіппен қайтару туралы хабарлама жібереді.