Қазақстан құрамасы 2024-2025 оқу жылында химиядан республикалық олимпиаданың жеңімпаздары болған 10-11 (12) сынып оқушыларынан жасақталды. Команданың барлық мүшелері халықаралық турнирде жүлдегер атанып, Қазақстандағы білім жүйесінің және дарынды оқушыларға көрсетілетін қолдаудың жоғары деңгейде екенін дәлелдеді.

Байқауда Маңғыстау облысындағы «Білім-Инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы Меңдіғали Қалдыбай практикалық кезеңде ең жоғары ұпай жинап, «Award for the Best Score in the Practical Exam» арнайы сыйлығына ие болды.

Күміс жүлде иеленгендер: Данияр Базарбай (11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Ақтөбе облысы), Меңдіғали Қалдыбай (10 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Маңғыстау облысы), Аңсар Жақсылықов (11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Ақтөбе облысы), Арен Теңізбаев (10 сынып оқушысы, №9 «Білім-Инновация» лицейі, Қызылорда облысы), Санжар Қалиақбар (11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Қарағанды облысы), Қали Әбілмансұр (10 сынып оқушысы, Назарбаева зияткерлік мектебі, Астана қаласы), Райымбек Ғабдолла (11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Маңғыстау облысы).

Қола жүлде иеленгендер: Айзере Жеңісханова (10 сынып оқушысы, Назарбаев зияткерлік мектебі, Өскемен қаласы), Нұрқожа Умарбаев (11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Маңғыстау облысы), Ярослава Кравчук (11 сынып оқушысы, №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі, Павлодар қаласы), Алихан Серікұлы (11 сынып оқушысы, «Haileybury Almaty» мектебі, Алматы қаласы).

Команданың жетекшілері — Бахытжан Елдана және Азим Аманжолов.

Халықаралық Менделеев олимпиадасы Қазақстан ұлттық құрамасы үшін 2025 жылдың 5-14 шілде аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін химиядан Халықаралық олимпиадаға (IChO) дайындықтың маңызды кезеңі болып саналады.