Орталық Шалқар аудандық ауруханасының базасында орналасқан. Жылына Шалқар, Ырғыз және Байғанин аудандарының ауылдық жерлерінде тұратын 600 балаға дейін қолжетімді және сапалы оңалту қызметін ұсына алады.
«Қазақстан халқына» қоры орталықты 181,2 млн теңгеге кешенді оңалтуға арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтыды.
Орталықта Ottobock вертикализаторлары, Rifton жүйелері, велотренажерлер, Tyrostation жаттықтырғыштары, «Атлант» пневмокостюмдері, сондай-ақ «Головастик» пен «Кузнечик» атты инновациялық жаттығу кешендері орнатылған. Сенсорлық және релаксациялық терапияны тиімді өткізу үшін сенсорлық бөлме, тұз шахтасы және шунгит бөлмесі қарастырылған. Гидротерапия жүргізуге арналған иммерсионды ванна да қойылды.
Орталық мамандары — неврологтар, оңалтушылар, логопедтер, дефектологтар, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, психологтар және эрготерапевтер біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Бұл балаларға халықаралық стандарттарға сәйкес көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту – мемлекет үшін маңызды басымдықтардың бірі. Жоба қала мен ауыл арасындағы сапалы медициналық және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділік теңсіздігін азайтуға бағытталған. Мұндай орталықтардың шалғай аудандарда ашылуы отбасыларға облыс орталығына бармай-ақ, өз тұрғылықты жерінде қажетті көмекті алуына жол ашады.